Bugin

Түркістанда мұғалім мен ата-ана бір-біріне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Желіде Түркістанда мектеп мұғалімі мен ана-аналардың бірі төбелесіп қалған сәті таспаланған видео тарады, деп хабарлайды Bugin.kz поратлы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан мұғалім мен ата-ананың ерегісіп, кейіннен бір біріне қол жұмсауға дейін барғанын көруге болады.

Аталған оқиғаға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы түсініктеме берді.

«Мектеп ғимаратына келіп, вахтерға тіркеліп, сынып жетекшіге жолығатынын айтқан ата-ана мектеп дәлізінде мұғалімін көргенде, қол қөтеріп, күш көрсеткен. Жанжал мұғалімдердің көмегімен ажыратып, полицияға хабар берілді. Зәбір көрген мұғалім осы мәселе бойынша полиция басқармасына ананың үстінен арыз түсірді. Араға 3 күн салып ата-ана мектепке қайта келіп, мектеп ұжымынан және жапа шеккен ұстаздан кешірім сұрады. Екі тарап өзара ымыраға келді» делінген басқарма хабарламасында.