Bugin

Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Талдықорғанда белгілі журналист Бейсен Құранбектің есімі журналистер үйіне берілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 

2014 жылы пайдалануға берілген ғимараттың маңдайшасына «Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйі» деп жазылды.

Слндай-ақ шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, парламент сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, телевизия ардагері Қайнар Олжай арнайы келіп қатысты. 

«Айтуға оңай» бағдарламасымен халқының жүрегінен орын алып, сүйікті тележүргізушісі, халқының жанашыры болған Бейсен Құранбек осы есімі берілген журналистер үйінің салынуына тікелей атсалысқан азамат.

Бұл ғимаратта «Жетісу телеарнасының», облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің ұжымдары, сондай-ақ республикалық телеарналардың өңірдегі тілшілері отырады.

Айта кетейік, қазақ телевизиясының дамуына үлкен үлес қосқан Бейсен Құранбек өзі жүргізген «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларында халықтың әлеуметтік мәселелерін талқылады.

Фото: Facebook/Serik Abikenuly

Фото: Facebook/Serik Abikenuly

Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған.

Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.

2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.

2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

Журналист Бейсен Құранбек 2020 жылы 18 мамырда ауыр дерттен дүние салды.