Спорт
Франциядағы жанкүйерлер Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентинамен финалдық кездесуді қайта ойнатуды талап етуде, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Лусаил стадионында Аргентина құрамасы үш сағаттық текетірестен кейін Франция құрамасын жеңген еді. Бірақ франциялық жанкүйерлер төрешілер тобының жұмысына наразы.
«Төрешілер жемқорлыққа жол берді. Матчтың қайта ойналғанын қаласаңыз, дауыс беріңіз және осыны бөлісіңіз», - деп жазады петиция авторлары mesopinions.com сайтында.
ФИФА-ға жіберу жоспарланған петицияға 200 000 мыңға жуық қол жиналды.
2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық кездесуінің 120 минуттық ойын уақытында польшалық Шимон Марчиняк бастаған төрешілер тобы 11 метрлік үш доп белгілеп, командалар пенальти сериясында 4:2 есебімен ойынды қорытындылаған еді.