Bugin

Таразда жұмысшы балқып тұрған пешке құлап қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оқиға Тараз қаласындағы «Запчасть» АҚ зауытында болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда жұмысшылардың бірінің жұмыс істеп тұрған балқыту пешіне қалай құлағанын көруге болады.

Жамбыл облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті болған оқиғаны растады. Марқұм 50 жастағы қызметкер Есқалиев болып шықты.

«Жәбірленуші қызып тұрған пешке құлап, денесі толығымен күйіп кеткен», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілетіні атап өтілді.

Еске сала кетейік, 21 желтоқсанда Ақсу ферроқорытпа зауытының балқыту цехында конвейер жабдықтарына қызмет көрсету кезінде сантехник жарақат алған болатын. Ер адам ауруханада көз жұмды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61