Әлем

Қызын жылдар бойы зорлап келген ата-ана ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың Техас штатында 13 жасар қызын ұйықтап, жылдар бойы зорлап келген ерлі-зайыптылар ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы The Crime Daily басылымына сілтеме жасап.

7 қарашада 39 жастағы Кристофер Томли мен 32 жастағы Эшли Томлидің қыздары үйінен қашып кеткен. Бірнеше сағаттан кейін олар полицияға шағымданған, дәл осы уақытта құтқару қызметіне Amazon қоймасының қызметкерлерінен жол үстінде қызды көргендері туралы ақпарат түсіпті.

Хабар бойынша келген полицейлер 13 жастағы қызды тапқан. Аймақ шерифі Хавьер Салазардың сөзінше, «қыз қатты қорқып қалған әрі өз жасынан әлдеқайда кіші көрінген». Қыз тәртіп сақшыларына әкесінің оны ұйықтатып, жылдар бойы зорлап келгенін айтқан. Сөзінше, анасы бұл туралы білген әрі әкесіне көмектескен.

Баланың шағымы бойынша тексеріс жүргізген шериф тінту барысында бейне бақылау камерасындағы жазбаны анықтаған. Видеолардың бірінде ата-анасының қыздарына сүт коктейлін дайындап жатқаны түсіп қалған. Салазардың айтуынша, бұл әрекет қызды бірнеше сағатқа ұйықтатып, зорлау үшін жасалған.

Жазба табылған соң ата-анасы бірден қамауға алынды. Әкесіне «баласына зорлық көрсетті» деген айып тағылған. Ал анасы қызының өмірі мен денсаулығын қатерге тіккені үшін күдікті деп танылды.

Зардап шеккен қыз полицейлерге бірнеше жыл бойы зорланғанын айтады. Қазір айғақтар толық зерттеліп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61