Bugin
Жезқазған полициясы жаңа туған нәрестенің өлімін тергеп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.
«Бұл дерек Жезқазған қалалық Ішкі істер бөлімінің бір адамның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады полиция департаменті ҚазТАГ редакциясына.
Бұған дейін әлеуметтік желіде автордың Жезқазған перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте қайтыс болғанын, тағы үш сәбидің жағдайы ауыр екенін айтқан видео пайда болған. Оның айтуынша, нәрестелерге жарамдылық мерзімі өтіп кеткен қоспалар берілген.
Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қоспалардың өлімге қатысы бар-жоғы туралы мәлімет бермеді. Алайда ананың жүктілігі қолайсыз болғанын, нәрестеде бірқатар аурудың бар екенін айтады.
«Бала патологиямен дүниеге келген. Қазіргі уақытта анамнезінен баланың анасы 11 аптадан бері D тіркеуде екені анықталды. Жүктіліктің екінші жартысы бактериялық ішек инфекциясы, созылмалы бронхит, анемия, бронх-пневмония, пиелонефрит, паразиттік инфекция, аскаридоз және лямблиоз және гестациялық қант диабеті, темекі шегу әсерінен қолайсыз өтті. Бұл жатырішілік өсудің тежелуіне әкелді. Бұл - құрсақ ішіндегі даму кезеңінде ақауларға жауап ретінде ұрықтың әмбебап реакциясы», - деп жауап берді департамент.
Салмағы өспегендіктен, тоғызыншы күнінде парентеральды тамақтану қосылған. 11-ші күні балаға симптомдар бойынша неонатальды некроздаушы энтероколит диагнозы қойылды. Сол себепті оны толық парентеральді тамақтандыруға және жасанды тыныс алуға ауыстырды. Бұл жағдайда сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Қорытындысы бойынша бала өлімінің нақты себебі анықталады.