Bugin
Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«2028 жылға дейін әйелдерге арналған зейнет жасы 61 жас деңгейінде бекітілді. Осы қабылданған заңға сәйкес, 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы - 61,5, 2029 жылдан – 62 жас, 2030 жылдан – 62,5 жас және 2031 жылдан бастап 63 жасты құрайды. 2028 жылға дейін тек белгіленген жас көзделген. Бірақ одан кейін жарты жылдан қосылып, еңбек жасы ұлғаяды», - деді министрдің орынбасары.
Еске салсақ, бүгін мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заңға сәйкес, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деп бекітілді.