Bugin

Гарвардқа оқуға түскен қазақ министрі кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сенат отырысынан кейін бірқатар халық қалаулысы тілшілердің жаңа жылдық дәстүрлер туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbsuiness.kz сайтына сілтеме беріп.

Оның ішінде, ең ерекше оқиға Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың өмірінде болған.

Бастапқыда БАҚ өкілдері ведомство басшысынан жаңа жылдық дәстүрлер туралы сұрады. Сауалға жауап берген министр алдағы жылға жоспарларын қағазға жазып, топыраққа көміп тастайтынын айтқан. Алайда бұған дейін ол министр болуды армандамаған екен.

«Бірақ менің басқа тілектерім орындалды. Атап айтқанда, мен Гарвардқа түскім келді. Сол ойым жүзеге асып, Гарвардқа түстім, бірақ биыл оған бармадым, себебі, министр ретінде тағайындалдым (Ұлттық экономика министрі, ред). Негізі оқуға кетуім керек еді», - деді Әлібек Қуантыров.

Сонымен қатар министр жаңа жыл қарсаңында азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын да айтты.

Оның сөзінше, орташа есеппен шот 10%-ға өскен. Әлібек Қуантыров мұны маусымдық құбылыс деп түсіндірді. 

«Айына азық-түлікке, шамамен, 250 мың теңге жұмсалса, қазір желтоқсан айында, шамамен, 25-30 мың теңгеге өсті», - деді министр.

Ұлттық экономика министрі жаңа жылды Астанада отбасымен қарсы алуды жоспарлап отырғанын және сыйлыққа автордың қолтаңбасы бар сирек кітапты алғысы келетінін жеткізді.