Weekend
Ой саларлық нақыл сөздер
- Махаббат деген бір түрлі сезім, себебі ол уақыттың өтуімен, жасаған ортаңның ауысуымен бірге өзгеріп отырады. Егер күндердің бірінде сүйгеніңнен айырылып қалсаң сабырлылықпен күт, уақыттың өзі барлығын ұмыттырады, көңілің де сабасына түседі. Махаббаттан бал жұтам деп өлергенше беріліп кетпе, махаббаттан келетін қайғыдан қабырғаң қайысып шөгіп те кетпе.
- Өміріңде кездескен кез келген адамды немесе бағалы затты, басқа ешкім, ешнәрсе оның орнын баса алмайды деп қарама, осы көзқараста мықты болсаң болашақта асылыңнан айырылып қалсаң да сабырлы бола аласың.
- Мен 26 жыл бойы лотерея билетін сатып алып келемін, әлі бір де бір рет ұтқан жоқпын. Тіпті 3 дәрежелі ұтысқа да жеткенім жоқ. Бұл дегеніміз - адам табысқа жету үшін құлшына үйреніп, тынбай еңбек ету керектігінің дәлелі. Мына әлемде ақы алмайтын асхана жоқ.
- Адамдарға сенiң құрғақ сөзiң емес, жасаған iс-әрекетiң маңызды.
- Табысқа жеткен кәсіпкерлердің білімі орташа болған, бірақ бұл құлшына үйренбеген адам да табысқа жете алады деген сөз емес. Есіңде болсын, білім - ешкім сеннен тартып ала алмайтын ең мықты қару. Адам білімсіз де кәсіп жарата алады, бірақ білімсіз бәрібір де оны дамыта алмайды.
- Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз.........