Bugin

Жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы көбейеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2023 жылдан бастап жұмыссыз қалғандар 6 ай бойы бұрынғы табысының 45 пайызын алып отырады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

«Келер жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға жарналарын төлеген уақытына сәйкес, 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр», – деді министр.

Ол бұл мақсатты орындау үшін, ең алдымен, шағын бизнестегі жалдамалы қызметкерлер, платформаның көмегімен жұмыс істеп жүрген азаматтарға қатысты салық жүктемелерін төмендету қарастырылатынын айтты.