Weekend

Димаш Мәскеу жұртшылығын қалай таңғалдырды?

Мәскеу халқы талантты әншіні зор ілтипатпен қарсы алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейге барған қазақстандық әнші Димашты Мәскеу халқы орыс халқының арнайы дәстүрімен қуана қарсы алып, қонақ етті.

Ол 22-23 наурызда Кремль сарайы сахнасында өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Ресей халқы Димаш Құдайбергенді Мәскеу әуежайынан құшақ жая қарсы алды. Олар әншіге орыс халқының дәстүрімен нан мен тұздан ауыз тигізді. Көпшілік Димаштың қолтаңбасын алып, суретке түсіп мәз болып қалды. Әуежайдағы видеода Димаш ресейліктерге жақсы көретінін айтып, олардың ыстық ықыласы мен зор махаббаттарын өнері арқылы ақтауға тырысатынын мәлімдеді. Осылайша, Димаш өзінің қарапайымдылығымен көпшілікті тағы бір мәрте тәнті етті.

Айта кетсек, Димаш Мәскеудегі концертін бір күнге жоспарлаған. Дегенмен билеттердің аз уақыт ішінде сатылып кетуіне байланысты, басшылық екі күн концерт беруін сұраған. Димаш өтінішті кері қайтарма келісімін берген.