ДАМУ

Наполеон әскерінің бетін қайтарған қазақтарды білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Напалеон Бонопарт әскерімен қазақтардың соғысқанын екінің бірі біле бермейді. Bugin.kz порталы Ш.Күмісбаевтың «Тұңғыштар» кітабын дереккөз ретінде пайдаланып, тарихи оқиға туралы қызық мәліметтерді ұсынады.

Ресей мен Франция арасындағы соғыс жайлы хабар шалғайда жатқан қазақ ауылдарына 1812 жылдың қазан мен қараша айларында ғана жетеді. Соғысқа шақырылғандардан басқа өз еркімен майдан шебіне барғандар да болды. Өскемен, Крутоберезов облыстарында әскери бөлімдер ұйымдастырылып, соғыс қарсаңында олар Ертіс әскери шебінде, Бұқтырмадан Омбы бекіністеріне дейін орналасты.

Ертіс шебінің полктері 1812 жылы қыркүйек айында Бородино түбіндегі қанды шайқасқа қатысты. Олардың бірнешеуі ерлігімен көзге түсті, мысалы Башқұрт полкінің құрамында болған Нарынбай Жанжігітов пен Әмен Байбатыровтың ерлігі өзге сарбаздарға үлгі болған. Әмен - батырлығы мен қоса ақындығы да бар дарынды жігіт. Өз өлеңдерінде қазақ пен орыс сарбаздарының ерлігін жырға арқау етіп, рух берген. Қос батыр Еуропадағы Лейпциг және Глогау қалаларына жасалған шабуылға тікелей қатысқан. 

Кейбір деректерде француз қолбасшыларының бірі майдандағы атты әскерді сипаттағанда, адам емес құдды бір кентаврлар жүрген тәрізді деген сөздері де бар. Сол «кентавр» дегені Орта Азияның ержүрек ұлдары еді.

Кейін қазақ жауынгерлері қолбасшы Беннигсеннің тапсырмасымен орыс атаманы Платовтың казак әскеріне қосылады. Қазақ сарбаздары Веймар, Танау және Майндағы Франкфурт қалаларының маңында болған ұрыстарда ерлікпен шайқасты. 

Ал башқұрт полкінің құрамында болған қазақтар Кобленц, Мангейм, Нанси, Сен-Диезье елді мекендері үшін болған шайқастарда ерекше батылдық танытты. 1814 жылы наурыз айында император бірінші Александардың бұйрығымен Парижге кірген құрметті жеңімпаздардың қатарында қазақ жауынгерлері де болды.

Нарынбай Жанжігітов «Горгий» орденімен, Әмен Байбатыров күміс медальмен марапатталды.