Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президент Ресейге жасаған жұмыс сапарының аясында Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілді» делінген хабарламада.
Сондай-ақ музейде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті.