Bugin
Жезқазған перзентханасында тағы бір сәби мерзімі өткен қоспалардан қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазТАГ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Хамит Дінмұхаммед Есімұлы 2022 жылдың 19 желтоқсанында Жезқазған перинаталдық орталығында дүниеге келген. Нәресте 22 желтоқсанда қайтыс болды. Қайтыс болғанына себеп - церебральды лейкомаляция, 3-дәрежелі қарынішілік қан кету», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер баланың анасы мен баласы бірге болғанын, емшек сүтімен қоректенгенін, қосымша тамақ алмағанын атап өтті. Үшінші күні ОЖЖ зақымдану белгілері мен сарғаю синдромына байланысты баланың жағдайы нашарлаған соң, реанимация бөліміне ауыстырды.
Баланың әкесі Есім Сүлейменов ұлының жағдайы үш күн жақсы болғанын растайды. Бірақ үшінші күні дәрігерлер сарғайып жатыр деген күдікпен баланы алып кетті, кешке баланың жүрегі тоқтап қалған.
Әкесі дәрігерлер ұлына да, басқа балаларға да салмақ қосу үшін мерзімі өткен сүт қоспасын бергенін айтады.
Естеріңізге сала кетейік, 26 желтоқсанда Жезқазғанда жаңа туған нәресте қайтыс болғаны хабарланған. Полиция бұл істі тергеп жатыр. Бұған дейін әлеуметтік желілерде автор Жезқазғанның перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте қайтыс болғанын және тағы үш нәрестенің жағдайы ауыр екенін айтқан бейнежазба пайда болды. Оның айтуынша, сәбилерге мерзімі өткен қоспалар берген.