Bugin

Айтыскерлер тәуелсіздіктің шындығы туралы жырлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордада «Тәуелсіз елім - тірегім» республикалық ақындар айтысы өтті. Ел егемендігі мен ұлт тұтастығына арналған додаға еліміздің түкпір-түікпірінен жиналған 14 ақын қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Хабар 24 арнасына сілтеме беріп.

Сөз зергерлері халқымыздың азаттығы мен ұлылығын әлемге паш ететін Тәуелсіздігімізді жырларына қосты. Нәтижесінде, қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан бас жүлдені иеленді. Ал жүлделі бірінші орын түркістандық Бекарыс Шойбековке бұйырды. Айта кету керек, киелі өнерді насихаттауға «Аманат» партиясы мұрындық болған.

«Айтыс - қазақтың бойтұмары ғой. Ата-бабамыздан аманат болып келе жатқан киелі өнер жәдігері деп айтуға болады. Сондықтан «Аманат» партиясы ешбір қиындыққа қарамай, осы жылдың өзінде бірқатар республикалық айтыс ұйымдастырды. Айтыскер, жазушы, жалпы мәдениетке жақын адамдарды қолдап келе жатыр. Сол себепті осы жобаларды дәстүрге айналдырамыз деген ниет бар», - деді Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов.