ДЕНСАУЛЫҚ
Сырқатқа шалдыққандардың 66 пайызы - балалар. Жалпы, қалада вирустың үш түрі тіркелген. Ауру белгілері бәріне ортақ. Науқастар басы ауырғанын, дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, бұлшық еттерінің ауыратынын айтып шағымданды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сонымен қатар коронавирус инфекциясын 250 адам ауру жұқтырған. Егер алдыңғы аптамен салыстырып қарасақ, індет дендеп барады. Қазір стационарда 51 науқас коронавирустан емделіп жатыр.
«Алматы қаласында жіті респираторлық вирсутық инфекция мен тұмау бойынша маусымдық өсім байқалады. Өткен 51-аптада қала бойынша аурушаңдық жіті респираторлық вирустық инфекция 100 мың адамға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 1104,24-ті құрады. Бұл өткен алдыңғы аптамен салыстырғанда, 7,5 пайызға жоғары, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2,7 есеге жоғары», - деді Алматы Қ. СЭБД бөлім басшысы Алмаш Ахметова.
«Емханаға бір аптада хабарласқан 887 пациенттің 800-і - жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар. Әрине, бұл өткен жылмен салыстырғанда, әлдеқайда көп. Сондықтан аурудың алдын алу шараларын естен шығармаған жөн», - деді Алматы қаласы №4 емхананың эпидемиолог дәрігері Лаура Сахи.
Дереккөз: 24.kz