Bugin

Қазақстан мал басы бойынша 1991 жылғы деңгейге жеткен жоқ – Мәжіліс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан 1991 жылғы мал басының санына әлі жеткен жоқ, деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

«Мал басы (мал саны – ред.) бойынша 1991 жылғы деңгейге жеткен жоқпыз. Ал біз қазірдің өзінде қалай шектеу керегін ойлап жатырмыз», - деді Смирнова Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жердің пайдаланылуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауда. 

Оның айтуынша, мәселені «мал ұстайтын барлық халықты жем-шөппен қалай қамтамасыз етеміз?» деп қарастыру қажет.

«Қазақстанның жері де, табиғаты да халықтікі екенін ұмытпауымыз керек. Ал министрдің қолымызда бар малды қалай азық-түлікпен қамтамасыз етуді ойламай, мал басын қалай азайтуды ойластыру керек екенін үш рет қайталауы біраз сұрақ туындататы», - деп қосты Смирнова.