Әлем

Мереке күндері Қазақстан мен БАӘ (Дубай) арасындағы билеттер құны арзандайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мереке күндері Қазақстан мен Біріккен араб әмірліктері арасындағы әуе қатынасының құны төмендейді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті БАӘ авиациялық билік органдарымен бірлесе отырып, мерекелер мен демалыстар кезеңінде әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында әуе билеттерінің санын көбейту туралы шешім қабылдады» делінген хабарламада.

2022 жылдың 29 желтоқсаны мен 2023 жылдың 14 қаңтары аралығында Fly Dubai Астана-Дубай және Алматы-Дубай бағыттарында қосымша 10 рейс жасауды жоспарлап отыр. В-737 типті ұшақтар арқылы ұшады.