Спорт
Қазақстандық Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) кәсіпқой бокстағы әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Олимпиада чемпионының менеджері Зия Әлиев Vesti.kz сайтына берген түсініктемесінде IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы титулға қатысты жағдайды айтып берді.
«Біз IBO-мен байланыстамыз және олардың мұндай шешім қабылдайтынын екенін білдік. Бұл - біз үшін жаңалық емес. Есесіне қазір ол ештеңеге міндетті емес. Данияр чемпион атанды, есімі тарихта қалды.
Қазір келісім-шарт жасау сәті әлі жалғасып жатыр. Болашақ мансабы туралы жоспарлар бар. Олар, әрине, енді IBO-ға қатысты болмайды.
Біз оны ақпан және наурыз айларында қайта шығаруды қарастырып жатырмыз. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Тіпті бұл шарттар бойынша қарсыластар да бар. Бірақ келісім-шарт жасасу сәті жақындап қалды. IBO секілді басқа да ұйымдар сияқты жекпе-жек күнін де, қарсыластың атын да алдын-ала айта алмаймыз», - деді Әлиев.
31 жастағы қазақстандық бір жыл бұрын Қазақстанның астанасында аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-3, 4 КО) ұпай саны бойынша жеңіп, әлем чемпионы белбеуін жеңіп алғанын еске сала кетейік.
2016 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы қазақстандық кәсіпқой бокстың тарихына бесінші әлем чемпионы титулының иегері ретінде енді, бірақ содан бері өнер көрсеткен жоқ.