ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда қайта өршіген вирустан бір адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрлігі вирустан бір адам көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ведомство мәліметінше, өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 263, коронавирус белгілері бар пневмонияға 18 адам шалдыққан және вирустан бір адам көз жұмған.

29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2729 адам коронавирус инфекциясынан (-2578 + және 151 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 256 пациент стационарда, 2473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 7 адамның жағдайы ауыр,

• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске салсақ, өткен тәулікте коронавирус пен пневмония 241 адамнан анықтылды.