Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова ҚР Конституциялық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
«Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалсын» делінген жарлықта.
Э.Азимова қызметіне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кіріседі.