Білім

Жуырда мұғалімдердің жалақысы бірнеше пайызға артады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: egemen.kz

Президенттің қолдауының арқасында педагогтердің жалақысы 2023 жылғы қаңтарда тағы 25 пайызға артады. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Президенттің қолдауының арқасында педагогтердің жалақысы 2023 жылғы қаңтарда тағы 25 пайызға артады. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға ерекше назар аударылады. 2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін сертификаттау енгізілді. Яғни енді жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз, міндетті түрде өз пәні және әдістеме бойынша тестілеуден өту қажет», - деген еді министр бұған дейін.

Жалпы биыл республикалық бюджеттен мұғалімдердің жалақысын көбейтуге, оларға біліктілік санаттары, магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге және дене шынықтыру мұғалімдерінің сабақтан тыс сабақ өткізуіне 1,2 трлн теңге (2,5 млрд доллар) бөлінді.