Әлем

2023 жыл Украина үшін «шешуші кезең» болады - Зеленский

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский келесі жыл Украина үшін шешушікезең болатынын айтты, деп хабарлады сейсенбі күні кешке президенттің баспасөз қызметі.

«Бұл шешуші жыл болуы керек. Біз қыстағы тәуекелдерді, көктемде не істеу керегін түсінеміз. Сондықтан бүкіл қорғаныс және қауіпсіздік секторы қандай нәтиже көрсетуі керек екеніне мән береміз», - деді Зеленский видеоүндеуінде.

Зеленскийдің айтуынша, Украина билігі елдің қорғаныс және қауіпсіздік күштерін 2023 жылға дайындауды жалғастырып жатыр. Аталмыш елдің жақын болашақтағы негізгі мақсаттарына келетін болсақ, Зеленский адамдардың үйлеріне қайтарылатынын, негізгі серіктестермен одан әрі тығыз қарым-қатынаста болатынын және Украина үшін әлемде жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Үкімет алдағы жылы елдің банк және қаржы жүйесінің беріктігіне кепілдік беру үшін күш-жігерді күшейтеді», - деді Зеленский. Сонымен қатар ол Украина қазірдің өзінде қаңтарда өтетін 2023 Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуға дайындалып жатқанын айтты.