Bugin

Таразда пластикалық шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

29 желтоқсан сағат 11:30-да Тараз қаласының полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туылған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы шықты. Қазіргі уақытта сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді. Сонымен қатар оның анасын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.