Bugin

«Қазақстан Ресейге қосылуы керек» деген азамат кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтау қаласының тұрғыны Қайнар Қонысбаев RUSSIA деген жазуы бар, жеңінде Ресей туы бедерленген футболканы киіп алып, әлеуметтік желіде «Қазақстан Ресейге қосылуы керек» деген пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы ол ресейлік блогермен тікелей эфирге қосылған кезінде айтқан.

«Мен өз басым Ресейді қолдаймын. Қазақтар орыстілділерді құрметтемейді, неге екенін білмеймін», - деді Қазақстан азаматы эфирде.

Сондай-ақ ол «Қырым Ресейге тиесілі» деп, әрі өзін сол ел үшін соғысуға шақырса, баратынын жеткізді.

13 сағаттан соң Қайнар Қонысбаев сол сөзі үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Ол тікелей эфирде өзінің әзербайжандық екенін айтқан, алайда қазақ екені белгілі болды.

«Мен – Қайнар Қонысбаев. Ұлтым – қазақ. Кеше дос баламмен бірге дүкенде тікелей эфирге кірдім. Бізге Украинадан арандату сипатындағы сұрақтар түсті. Мен оны әзіл деп қабылдадым. Айтқанымның бәрін шын қабылдауға болмайды. Мен Ресейге бармаймын, Қазақстанның азаматымын. Қазақтың баласымын, Қазақстанда өмірге келдім», - деді Ақтау тұрғыны.

 

Дереккөз: halyq-uni.kz