Bugin

Депутат облыс әкімдеріне қатысты ащы шындықты айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжіліс отырысында депутат Берік Дүйсенбинов Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер туралы баяндамасы еш шындыққа жанаспайтынын айтып, оны қатаң сынға алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты министрден әдемі баяндаманың орнына мыңдаған гектар жерге иелік ететін әкім-қаралардың аты-жөнін халыққа жария етуді сұрады.

«Қай облысқа бармасаңыз, жолдың оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері. Қайтып жатқан жер жоқ. Мал ұстап отырған, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр. Бірақ қолы күштілер сол бұрынғы қалпында қалып отыр. Жердің иелерін сіздерге мында шығарып, тақтаға жазып қоюға кім кедергі? Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз - Бақауовтыкі, Астананың маңайы - Шөкеевтікі, бәрі оны айтуға қорқып отыр. Жаңағы сіздің баяндамаңызда айтылған мыңдаған гектардың бәрі өтірік. Ана халықтың бәрі наразы болып отыр. Мал ұстаған кісілерге жер жетпей жатыр. Сіздер әдемі баяндаманың орнына осыны қашан нақты қолға аласыздар? Аты-жөнін жазыңыздар, тақтаға іліп қоюдан неге ұяласыздар? Бұрынғы отырған байлар солар отыр», – дейді депутат Берік Дүйсенбинов.