Bugin

Әйелін ұрған елордалық жарты айға қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астаналық ер адам әйелін ұрғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері тұрмыстағы құқық бұзудың алдын алу мақсатында тұрақты негізде профилактикалық шаралар жүргізеді.

Мәселен, Алматы ауданы полиция бөлімшесі учаскелік инспекторына 42 жастағы әйел 48 жастағы жұбайы мас күйінде ұрып-соққанын хабарлады. Белгілі болғандай, сол күні әйел өзінің келе жатқан туған күнін достарымен атап өткен және үйіне кеш келген.

Мас күйде болған күйеуі жұбайының кішкене ішімдік ішкенін көріп, үйде жанжал шығарған және әйелінің денесін жарақаттаған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды.

Әкімшілік құқық бұзу жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ құқық бұзушының мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талап қойылды. Оған сәйкес, құқық бұзушының жәбірленушінің еркіне қайшы оның өзімен, отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерімен байланысқа шығуға, іздеуге, баруға, аңдуға, ауызша не телефон арқылы сөйлесуге және басқа да тәсілдер арқылы байланысуға құқығы жоқ.