Bugin
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде «Алдағы 2023 жылы Достастықта орыс тілі жылы атап өтіледі» деп мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
«Жалпы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен ТМД кеңістігіндегі тілдік кеңістікті нығайтудың тұрақты маңызы бар. Әрине, бұл жерде орыс тілінің рөлі ешбір күмән тудырмайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы 2023 жылы Санкт-Петербургке Достастықтың мәдени астанасы ресми мәртебесін беру ТМД елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.
«Біз мемлекеттеріміздің мүдделеріне сай келетін ақпараттық күн тәртібін бірлесіп ойластырамыз деп ойлаймын. Алдағы 2023 жылы Достастықта орыс тілі жылы аталып өтеді. Қазақстанның ТМД аясында орыс тілін қолдау жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы бастамасы іс жүзінде дамиды», - деді Тоқаев.