Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comОрал қаласында төрт автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 желтоқсан күні шамамен сағат 23:00-де Жәңгір хан көшесінде болды.
«Шаған өзенінен өтетін көпір тұсында BMW, Suzuki және екі «ВАЗ» автокөлігі соғысты. Жол апаты салдарынан үш адам түрлі дене жарақатын алды. Оларды жедел жәрдем көлігі алып кетті. Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61