Әлем

Белгілі бақсылар Ресей мен Украина соғысының қашан аяқталатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Перу бақсылары Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс 2023 жылдың тамызына дейін аяқталатынын болжады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters-ке сілтеме жасап.

Бақсылар келер жылға тағзым жасап, Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің портреттерімен рәсім өткізген. Рәсім барысында гүлдер, хош иісті заттар мен жылан да қолданылған.

«Бейбітшілік, тыныштық келеді. Міне, біз көрдік», - деп түсіндірген Клеоф Седано Ресей мен Украина арасындағы бітім 2023 жылдың тамызында болады деген болжамын жеткізді.

Бейбітшілік келісімінен басқа, бақсылар жаңа жылда табиғи апаттарды болжады. Бақсы Уолтер Аларкон Солтүстік Америкадағы жер сілкінісін, сондай-ақ «көптеген трагедияларды, негізінен климаттық қатерлерді» болжады.

Бұл рәсімді Перу бақсылары жыл сайын желтоқсан айының соңында өткізеді.