Bugin
Жыл басынан бері Ақмола облысында 21 әкімшілік құқық бұзушылықты анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Антикор дерегінше, биыл өңірде саладағы құқық бұзушылық бойынша 10 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Кінәлілердің басым бөлігі бұрын пара алған адамдарды жұмысқа алу және заңсыз сыйақы алу фактілерімен айыпталуда.
«Өңірдің квазимемлекеттік секторы ұйымдарының бірінің басшысы бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды ұйымның қызметкері ретінде жұмысқа қабылдады. Мұндай әрекеттер үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 681-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Нәтижесінде кінәліге 153 150 теңге сомасында айыппұл салынды», - деді ведомстводан.
Сонымен қатар заңсыз сый алу фактілері де жиі кездеседі.
«Заңсыз материалдық сыйақы алған аумақтық меморганның қызметкеріне 1 286 460 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол сыйлық ретінде кәсіпкерден екі шырша алған», - деп толықтырды департамент.