Bugin

Шымкентте жүргізуші кесірінен 600-ден астам үй газсыз қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісінің кінәсінен 600-ден астам үй газсыз қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Opel Vectra» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жоғары қысымды газ құбырына соғылған. Салдарынан 600-ден астам үй көгілдір отынсыз қалды.

«Оқиға бүгін таңғы сағат 05:31 шамасында Құрсай шағын ауданында болған. Жүргізушіге қатысты тиісті заңның «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуы, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуі» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жүргізуші газ компаниясына келтірілген материалдық шығынды өтейтін болады», - делінген полиция хабарламасында.

Қазір құбырларды жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.