Мәдениет
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: letsgophotos.ru
Джон Хьюз сценарий жазуға Еуропаға нағыз отбасылық сапарынан шабыт алады. Саяхат кезінде ол: «Балалардың бірі үйде қалса, не болуы мүмкін?» деп ойлайды. Және ол бұл тақырыпты дамыта бастады. Нәтижесінде танымал фильмнің желісі дүниеге келді.
Фильмде қызыл және жасыл түстер басым.
«Үйде жалғыз» көріністерінің көпшілігі қызыл және жасыл реңкте жасалған. Мағынасы қарапайым - бұл Рождествоға, ағашқа және әшекейлерге байланысты түстер. Ал Кевин МакКаллистердің тарихы мен бұл мереке, біз білетіндей, ажырағысыз.
Кевин Базздың үлкен ағасының бөлмесін аралап жүрген сахнада ол ағасының қызының фотосуретін табады. Негізі суретте қыз емес,жігіт бейнеленген. Бүкіл әлем суреттегі қызды ұсықынсыз деп санамасын әрі жасөспірімнің қытығына тимесін деп суретші режиссер өз ұлына жасанды шаш кигізіп, соның суретін қолданған. Фильмді түсірушілер Кевиннің сөзі қызға қатыгездік танытқан болады деп шешіп, осындай қадамға баруға бел буды.
Джо Пеши түсірілімде Маколей Калкиннен аулақ жүрген. Өйткені ол баланың одан шынымен қорыққанын қалайды.