Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПрезидент Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін парламент мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасына сенат енгізген өзгерістермен келіскен.
Заң жобасының мақсаты - соттардың қызметін әрі сот саласындағы әкімшілендіруді жетілдіру, мемлекеттік елтаңбаны пайдалану тәртібін толықтыру, сондай-ақ қаржы саласындағы инновацияларды дамыту үшін елдің негізгі платформасы ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының жылдам дамуын қамтамасыз ету және оның юрисдикциясын инвестициялар тарту үшін пайдалану.
Сонымен қатар тағы бір заңға толықтыру енгізілді.
Ақорда сайтының хабарлауынша, мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін парламент мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сенат енгізген толықтырулармен келісті.
Ондағы нормалар көптеген саладағы мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, өңірлердің қаржылық дербестігін одан әрі арттыру үшін салық түсімдерінің жекелеген түрлерін жергілікті бюджетке беру көзделіп отыр. Түзетулер мемлекеттік сатып алудағы бәсекелестік ортаны кеңейтуге және осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға жағдай жасайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61