Bugin

Қырғызстанда жаңа жыл мейрамына сенбейтін әйел шыршаны өртеп жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның Милуу-Суу қаласында әйел қала алаңындағы шыршаны өртеп жіберді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 29-ынан 30-ына қараған түнде болды. Күдікті ұсталып, қылмыстық кодекстің «Бөтен адамның мүлкін жою немесе бүлдіру»  бабы бойынша іс қозғалды.

«Қылмыс жасады деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғын С. А. ұсталды. Оның айтуынша, жаңа жылға сенбегендіктен, ағашты өртеп жіберген. Өйткені ол адамдар шыршаның жанында суретке түспеуі және мерекеге сенбеуі керек деп санайды», - деді ведомстводан.

Іс бойынша тергеу жүріп жатыр