Bugin

Министр: Бір отбасыға төленетін жәрдемақы - 20 мың мен 805 мың теңге аралығында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«4,4 трлн теңгеден астам сомаға 4,3 млн-нан астам қазақстандыққа зейнетақы, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер уақтылы төленді. Өткен жылы 1,3 миллионнан астам отбасы мемлекет кепілдік берген төлемдер түрінде қолдау алды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға да ерекше көңіл бөлінді.

Осы жылы балалары бар отбасыларды қолдауға республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 926,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бөлінген қаражат бала туу және бала күтімі бойынша төлемдер, көп балалы аналарға, көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жәрдемақы ретінде берілді. Бір отбасыға төленетін төлем 20 мыңнан 805 мың теңгеге дейінгі соманы құрады» делінген хабарламада.

Министр Тамара Дүйсенованың мәліметінше, өмірлік қиын жағдайға тап болған 700 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттен 70 млрд теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік көмек түрінде қолдау алды. 

530 мың отандасымызғы мүгедектік бойынша жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түрінде 371,4 млрд теңге төленді. Биыл 66 млрд теңге мүгедектігі бар азамматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталды. 225 мың адам протездік-ортопедиялық және өзге де көмекпен қамтамасыз етілді.