Bugin

Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлады Bugin.kz порталы Ақорданың телеграм арнасындағы парақшасында.

«Жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, полицейлерге, әскери қызметшілерге, коммуналдық және басқа да салалардағы азаматтарға алғыс айтамын.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін»
 - деді мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61