Bugin
Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына үш жыл мерзімге тағайындалды» делінген ҰҚШҰ сайтында.
Тасмағамбетов 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. Бұған дейін әр жылдары премьер-министр, қорғаныс министрі қызметтерін атқарған, Алматы және Астана әкімі болған.
Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету 2023 жылы Армениядан Беларуссияға өтті.