Әлем
Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі елде наразылық басталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше әлеуметтік желілерде Самарқандтан көшеге топ-топ болып, өзбектер наразылық білдіруге шықты деген видеолар тарап кетті. Кейбір кадрларда жарылыстар мен оқ сияқты дыбыстар да байқалды.
Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі тұрғындардың жай ғана «мерекелік шараларды тамашалап» жүргенін алға тартады.
«Бұл ақпарат жалған. 31 желтоқсанда көп адам жиналып, мерекелік концертті көруге келген. Содан кейін бәрі тарап кеткен. Видеода көшеде айналып жүрген Mercedes-Benz көлігін көруге болады. Қазір оның әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр» делінген ІІМ хабарламасында.