Bugin

Арқалық – Торғай тас жолында ірі жол апаты: 5 көлік соқтығысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арқалық-Торғай тас жолында бес көлік соқтығысты, бір көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, тағы тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлердің түсіндіруінше, жол апаты сағат 14.03 шамасында Арқалық-Торғай тас жолында болған. Toyota көлігінің жүргізушісі басып озу маневрін жасамақ болған, бірақ ақыры қарсы келе жатқан қозғалыс жолағына өтіп кеткен. Салдарынан бес көлік соқтығысты.

Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Алдымен Nissan көлігімен соқтығысады, кейін тағы үш көлік келіп соқтығысты», - деді Арқалық қалалық ІІБ бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.

Оқиға салдарынан Nissan жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан тоғыз адам зардап шекті, оның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды.