Bugin

Үкіметте ауыс-түйіс болды: Жаңа министрлер тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін үкіметте жаңа министрлер тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды. Ал, Зүлфия Сүлейменова ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

«Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын» делінген президент қол қойған жарлықта.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Әділет министрі лауазымына Азамат Есқараев тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы болып тағайындалған еді.