Қоғам

Атырау: Жол апатынан 1 жастағы сәби көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Олардың бірі – 37 жастағы жолаушы, екіншісі – бір жастағы бала. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«2 қаңтар күні сағат 11:50 шамасында Доссор – Бейнеу тасжолының 147-шақырымында  ВАЗ Priora мен Toyota Alphard көлігі соқтығысқан. Жол апатынан ВАЗ Priora көлігінде болған 1985 жылғы және 2021 жылы туған жолаушы оқиға орнында мерт болды», – деді олар.

Ал полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61