Bugin

Қазақстанның 7 облысында жол жабылғаны туралы хабарланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық автожолдардың 32 учаскесі жабық күйінде қалып отыр. Бұл туралы Bugin.kz порталы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық оператор таратқан мәліметтерге қарағанда, автожолдардың қары тазаланып жатыр. Жұмыстарға 500 бірлік арнайы пайдалану техникасы жұмылдырылған. Ауа райы нашарлаған сәттен бастап (3 қаңтардан бастап) 2200 м3 көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылған.

«Сағат 8:45-тегі ақпаратқа сәйкес, ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық автожолдардың 32 учаскесі жабық күйінде қалып отыр. Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы трассалар жабық. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды, ШҚО және Абай облыстарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында аса күрделі жағдай қалыптасты» делінген хабарламада.

Өткен тәулікте бұл өңірлерде қар құрсауынан 200-ге жуық көлік шығарылып, 346 адам құтқарылды.