Білім

NIS-ке құжат қабылдау жалғасуда!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: NIS

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес Білім Беру Ұйымы 7-сыныпқа қабылданатын оқушыларға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың 10 қаңтарға дейін жалғасып жатқанын хабарлайды.

Құжат қабылдау 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін жүргізіледі. Кешенді тестілеу 2023 жылдың 2 және 3 наурыз күндері өтеді.

Қабылдау комиссиясы Қазақстанның барлық қалаларында өз жұмысын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі де сіздерді дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00 мен 18:00 аралығында және сенбі күні түскі сағат 13:00-ге дейін Қайтпас-2, Ақжайық ықшам ауданының 6-ғимаратында күтеді.

Егер балаңыздың оқу үлгерімі жоғарылығы мен жігері ұштасып жатса, заманауи білім дағдыларын меңгерген, адамгершілігі мол, салауатты әлем азаматын тәрбиелеуді мақсат етіп отырған оқу ордамыздың білімгері  болу мүмкіндігін пайдаланыңыздар!

Ол үшін балаңыздың небәрі үш құжатын:

1. Туу туралы куәлігінің көшірмесі (7 сандық нөмірі міндетті түрде көшірмеде болу керек);

2. Соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер балаңыз оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі;

Ескертетін жағдай! Талап етілген құжаттар мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек. Сонымен қатар құжаттарды 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады.

3. Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынатындықтан, тезтікпенің алдыңғы беті түссіз болады. Егер үміткер қазақ сыныбына тапсырған жағдайда тезтікпенің түсі қызыл, ал орыс сыныбына тапсырған жағдайда тезтікпенің түсі көк болуға тиіс.

Құрметті үміткер, кіші қадамдармен үлкен мақсаттарға бірге жол бастайық!

Мекен-жайы: Шымкент қ., Қайтпас м/а, Элиталы қалашық 6. Толық ақпарат - @nis.shymkent.official инстаграм парақшасында.