МӘДЕНИЕТ

«Шолақ шалбармен жүгіреді»: Нұртас Адамбай футболды «харам» деп атады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық актер әрі режиссер жуырда Қатарда өткен әлем чемпионаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Нұртас Адамбай былтыр Қатарда өткен әлем чемпионаты туралы айтты. Актердің айтуынша, ол футболдан дұрыс ештеңе көрмейді.

«Шындығында, бұл жай ғана (қызығушылық - ред.) емес, адамдарға зиянын тигізеді деп ойлаймын. Өйткені адамдар уақытты босқа өткізеді. Олар мұсылман елдерінен келген сияқты көрінген командаларды бақылайды, бірақ сонымен бірге олар өздерінің әуреттерін (мұсылмандар жабуы керек дене бөліктерін) бүкіл әлемге көрсетіп, Аллаһтың тікелей бұйрығын бұзып, шолақ шалбармен жүгіреді. Менің ойымша, бізге оны ойнаудың, көрудің қажеті жоқ», - деді Адамбай.

Нұртас Адамбай Хэллоуин мерекесін тойлауға қатысты да осындай ұстаным білдірген еді.