Bugin

Әлемнің ең бай адамы Маңғыстауға инвестиция салады: Ол кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші тұрған Гаутама Адани Маңғыстау облысының Құрық портында «Саржа» терминалын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына слтеме жасап.

Ол үшін қазақстандық «Семург Инвест» компаниясымен астық және әмбебап терминалдарды дамытудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұдан басқа Adani Group Атырау облысында газ-химия кешенін салу жөніндегі жобаны бірлесіп іске асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Дәлірек айтқанда, қосылған құны жоғары өнімдерді ала отырып, этанды қайта өңдеу зауытын салу жоспарда бар.

Adani Group иесі - үндістандық миллиардер Гаутам Адани, Bloomberg зерттеуі бойынша 2022 жылдың қыркүйегінде байлығы 128 миллиард АҚШ доллармен әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орынға ие болды.