Bugin
Зеренді ауданында орналасқан шаңғы базасында қайғылы жағдай болды. Астана қаласының 16 жастағы тұрғыны ағашқа соғылып, көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме беріп.
Зеренді аудандық полиция бөліміне шаңғы базасының басқарушысы хабарласып, Садовое ауылынан 10 шақырым шалғай жерде шаңғы жолағында кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғанын айтты.
Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы аттанды.
«Кәмелет жасқа толмаған баланың шаңғы базасына ата-анасымен бірге демалуға келгені анықталды. Сонда демалып жүрген екі адам жерде жатқан жас жігітті тауып алған. Ол шаңғы трассасымен төмен түскенде, ағашқа соғылған. Сосын құлап, есін жимастан оқиға орнында қайтыс болды», - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет немесе жұмыс орындау фактісі бойынша іс қозғалды. Мұның жазасы - 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру.