«Өмір сүрмегенің жақсы»: Шымкентте жоғалған қыз ата-анасынан жәбір көрген бе? (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен Анель есімді жасөспірімді іздеп тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 30 желтоқсанда Абай аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған қызы жоғалғаны туралы шағымданған. Қыз туыстарымен жанжалдасып, үйінен шығып кеткен. Бұған дейін жасөспірім 3 рет үйінен кетіп қалып, полицейлер оны анасына қайта тапсырған.

Шымкент қаласы полиция департементінің жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен еріктілер жоғалған қызды 7 күн бойы тоқтаусыз іздеді. Баланы іздеу жұмыстары полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында болды.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жедел уәкілдер жасөпірімді темір жол вокзалынан тапқан.

Анель бұл күндері бейтаныс адамдардың үйінде жасырынған. Сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасуға тырысқан.

Кәмелетке толмаған қыздың айтуынша, үйден қашуға оның анасының жиі ұрып-соғып, «сені ешқандай бай алмайды» деп айтуы себеп болған. Жасөспірім үйге барудан түбегейлі бас тартып отыр. Қазіргі таңда әкімдік, білім басқармасы және полиция қызметкерлері тарапынан арнайы комиссия құрылды. Олар анасын ата-ана құқығынан айыру туралы құжаттарды жинайды.

Бұл уақыт аралығында қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылады. 

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61