ДЕНСАУЛЫҚ

ДНҚ: Жауынқұрттар - тарақанға қарағанда, адамдардың ең жақын туысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - біздің денеміздің схемасы, онсыз біз өмірде болмас та едік. ДНҚ - дамытатын генетикалық нұсқауларды қамтитын және әрбір тірі ағзада жұмысын жалғастыратын молекула. Біздің денеміздегі әрбір жасушада қандай ақуыздар керегін жеткізіп отыратын ДНҚ бар. Жасушаларымыздағы ДНҚ ата-анамыз арқылы келеді, соның арқасында бізде олармен ұқсас көптеген қасиет болады. Bugin.kz порталы ДНҚ туралы бұдан да өзге қызық мәліметтерді ұсынады. 

ДНҚ үлкен спиральды баспалдаққа ұқсас қос спираль тәрізді және осы баспалдақтағы әрбір қадам жұп нуклеотидтерден тұрады. ДНҚ көшірілгенде, кейде қателер пайда болады, оны мутация деп атайды.

Африкалық емес барлық адамдарда неандертальдық ДНҚ іздері бар.

Фото: infoniac.ru

Фото: infoniac.ru

Ғалымдардың пікірінше, Исландиядағы төрт отбасында тек американдықтарда кездесетін ДНҚ бар. Дәлелдерге сүйенсек, викингтер жергілікті американдықты шамамен 1000 жыл бұрын Еуропаға қайтарған.

Сіздің ДНҚ-ның 50 пайызы бананның ДНҚ-сына ұқсас.

Жауынқұрттар - біздің ең жақын туыстарымыз. Расымен де, бізде тарақандар мен сегізаяқтарға қарағанда, жауынқұрттармен ДНҚ бойынша ортақ тұсымыз өте көп.

Фото: infoniac.ru

Фото: infoniac.ru

Халықаралық ғарыш станциясында «өлмес диск» деп аталатын қатты диск бар. Онда Лэнс Армстронг және Стивен Хокинг сияқты атақты адамдардың ДНҚ-сы бар. Дүниежүзілік апат болған жағдайда жоғалып кетпес үшін сақтап қойған.

Брук Гринберг – өмір бойы сәби бейне болып, 20 жасында қайтыс болған қыз. Ғалымдар оның ДНҚ-сы биологиялық мәңгі өмір сүрудің кілті болуы мүмкін деп санайды.

Фото: infoniac.ru

Фото: infoniac.ru

Біздің ДНҚ-ның шамамен 8 пайызы бір кездері адамдарға жұққан ежелгі вирустардан тұрады.

Барлық адамның ДНҚ-сы 99,9 пайызға тең. Соңғы 0,1 пайызында ғана айырмашылық болады.

Сіздің барлық жасушаңыздағы ДНҚ-ны айналдырса, 16 миллиард шақырымға созылуы мүмкін. Бұл - шамамен жерден Плутонға дейінгі және кері қашықтық.