Bugin

Маңғыстауда 3 баланың анасы 3 айдан бері табылмай жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау облысында жоғалған үш баланың анасы Жәния Абдуллаеваны үш айдан астам уақыт іздеп жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәния Абдуллаева 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Бейнеу ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Кейінірек ол жоғалған күні Бейнеу – Маңғыстау бағытында пойыз билетін сатып алғаны туралы ақпарат пайда болды.

Туыстары Жәнияны іздеуге жұртшылық пен құқық қорғау органдарына жүгінген.

Іздестіру жұмыстарына «Лидер Ақтау» қоғамдық ұйымының еріктілері де қосылды. Алайда, бүгінгі күнге дейін шаралар нәтиже бермеді.

2 қаңтарда Жәния 28 жасқа толды. Оны үйде үш баласы күтіп отыр.

Жәния Абдуллаеваның жүрген жері туралы мәлімет білетіндерден +7 (775) 390-91-85, +7 (705) 289-54-90 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұрайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61